Армения Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ауруханаларда қазір ішімдіктен уланған 13 науқас емделіп жатыр. Оларда неврология симптомы (жүрек айну, есінен тану, бас айналу) байқалады, 3 науқас коматозды жағдайда, 3 науқастың көзі көрмей қалған. Метанол ішіп уланғандарда осындай белгілер байқалады.
Министрлік белгісіз ішімдік, үйде әзірленген арақ-шарап, дәріхана, дүкеннен алынған маркаланбаған спиртті ішуден сақтану керектігін ескертті.
Метил спиртін ішкен жағдайда токсикалық заттың мөлшеріне қарай улану белгісі бірнеше сағаттан 1-2 күн аралығында пайда болады. Жоғарыда айтылған белгі байқалған жағдайда дереу дәрігерге қаралу керек.