«Қазіргі жағдайда ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуді (Армения Республикасының аумағында) қолайсыз деп санайтынымыз және жаттығулар биыл өтпейтіні туралы Арменияның Қорғаныс министрі (Сурен Папикян) ҰҚШҰ Біріккен штабына хабарды жеткізді», - деді премьер-министр сейсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі осы елдің Құрлықтағы әскери қызметшілері Армения аумағындағы ҰҚШҰ-ның бітімгерлік контингенттерінің «Мызғымас бауырластық - 2023» оқу-жаттығуларына қатысатынын хабарлаған болатын.
Фото: newsarmenia.am