Коронавирус инфекциясын елде алғашқы болып жұқтырған – Арменияның 29 жастағы азаматы. Ол 28 ақпанда Ираннан арнайы рейспен келген.
«Алдын ала жасалған тест оң нәтиже көрсетті. Ал қайта тапсырған тест нәтижелері түнгі сағат үште белгілі болды», - делінген Армения премьер-министрінің Facebook -тегі парақшасында жарияланған мәлімдемесінде
Премьер-министрдің айтуынша, вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандарды оқшаулау шаралары жүргізілуде.