Арменияда автобус пен ЗИЛ соқтығысып, 11 адам қаза болды

ЕРЕВАН. Арменпресс – ҚазАқпарат – 14 тамыз күні сағат 00:30-да Арменияның Ереван-Гюмри тасжолында жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресске сілтеме жасап.

Фото: armenpress.am

Оқиға Ланджик ауылына жақын маңда болған.


Құтқару қызметінің мәліметінше, жолдың 90-шақырымында «Фольксваген» жолаушылар шағын автобусы мен «ЗИЛ» жүк көлігі соқтығысқан. Апаттан 11 адам қаза тапты.
Гюмри медицина орталығының ақпаратына сәйкес, ауруханаға зардап шеккен 7 адам жеткізілген. Кейін оның бірі Еревандағы «Эребун» медицина орталығына ауыстырылған.