Армения президенті аппаратының қоғаммен байланыс және БАҚ басқармасы мәлім еткендей, жарлықта:
«Армения Республикасы Конституциясының 92 және 93 баптарындағы талаптар мен Ұлттық Жиналысты таратуды назарға ала отырып, Армения Республикасы Конституциясының 149-бабы 3-бөлігіне сәйкес 2018 жылдың 9 желтоқсанында кезектен тыс Ұлттық Жиналыс сайлауы өткізілсін. Бұл жарлық ресми жарияланғаннан кейін келесі күні күшіне енеді»,-делінген.
Хабарланғандай, қазіргі армян Парламенті депутаттарын сайлаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша Премьер-министр сайланған жоқ. Конституцияға сәйкес, қазіргі Парламент таратылды. Кезектен тыс парламент сайлауы биыл желтоқсанда өтеді.