Арменияда коронавируспен ауырған 94 науқас өте ауыр халде жатыр

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Арменияда коронавируспен ауырған 403 пациент жағдайы ауыр, ал оның 94-і өте ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Бұлтуралы комендатура отырысынан кейін өткен брифинг кезінде Арменияның денсаулық сақтау министрі Арсен Торосян мәлім етті.

«Қазіргі кезде біздегі 403 пациенттің жағдайы ауыр, оның 94-і өте ауыр халде жатыр. Ауру жұқтырған адамдардың саны соңғы күндері тұрақты, ол бір жағынан жақсы, алайда абсолюттік сан өте жоғары. Біз ауыр және өте ауыр халде болған азаматтар санын азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, бұған жалпы көрсеткішті қысқарту нәтижесінде қол жеткізе аламыз», - деді ол.