Арменияда парламенттік сайлау аяқталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Армениядағы саяси науқан өз мәресіне жетті. Бұл туралы RT агенттігіне сілтемемен 'Хабар 24' хабарлады.

Жергілікті уақыт бойынша 20:00-де барлық сайлау учаскелері жабылды. Сайлау науқанын 28 мыңнан астам 49 жергілікті ұйым мен халықаралық байқаушылар бақылады.