Бұл туралы Арменияның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«18 жастан асқан барлық азамат тіркелу орнына қармастан кез-келген емханадан коронавирусқа қарсы вакцинананы салдыра алады. Вакцина шетел азаматтары үшін де тегін болады. Вакциналанатын емханаларда сенбі және жексенбі күндері де сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін кезекшілік ұйымдастырылған», - деп хабарлады Арменияның денсаулық сақтау миниснтрлігінің баспасөз қызметі.
Арменияда COVID-19-ға қарсы вакциналау ерікті түрде өтуде. Бастапқыда Арменияға «Спутник V» вакцинасының сынама партиясы жеткізілген болатын. Арменияға 28 наурызда «Astra Zeneca» вакцинасының бірінші партиясы (24 мың доза), ал 8 сәуірде «Спутник V» вакцинасының ірі партиясы (15 мың доза) жеткізілді. 1 мамырда Арменияға Қытай Халық Республикасының үкіметі сыйға тартқан «КоронаВак» вакцинасының 100 мың дозасы келді.
Азамат Әлмағамбетов