Ақпаратқа сәйкес, өрт туралы хабар дүйсенбі күні таңертең тараған. Өрт сөндірушілер шұғыл түрде оқиға орнына аттанған.
Қазіргі кезде тілсіз жау ауыздықталды, ешкім зардап шекпеген. Министрлік өкілдерінің айтуынша, кабинеттердің біріндегі кеңсе жиһазы өртенген.