Синоптиктердің мәліметінше, жергілікті уақыт бойынша шамамен 17:00-де Ереванда ауа температурасы 41,9°C-қа жетіп, 2000 жылы тіркелген алдыңғы рекордтан асып түсті — сол кезде термометр 40,8°C көрсеткен.
Аномальді ыстық тек ел астанасын ғана емес, басқа да елді мекендерді қамтыды. Бірқатар аймақта да тарихи максимумдар жаңартылды:
Арени – 42,6°C (алдыңғы рекорд: 40,0°C, 2011 жыл);
Арташат – 40,9°C (алдыңғы рекорд: 40,7°C, 2011 жыл);
Апаран – 33,5°C (алдыңғы рекорд: 32,2°C, 2000 жыл).
Бұған дейін еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған еді.