Интерфакс хабарлағандай, Валерий Пермяковты армения-түрік шекарасын кесіп өтпек болған кезде қолға түсірген.
Күдікті Арменияның батыс бөлігінде Түркиямен шекаралас Баяндур ауылының маңынан тұтқындалды.
Полиция деректеріне сүйенсек, ол дүйсенбі таңертең елдің солтүстік-батысына қарай 102-ші ресейлік база орналасқан Гюмри қаласында бүтін отбасы мүшелерін атып кеткен, оның ішінде екі жасар қыз бала да бар.
Кеуде тұсы жараланған алты айлық бала ғана аман қалып, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген.