ҚР СІМ: Армениядағы оқиғалар – елдің ішкі ісі

Фото: ҚР СІМ

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Армениядағы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

- Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі. Қазақстан Армениямен достық пен стратегиялық серіктестік рухында толыққанды ынтымақтастықты дамытып жатыр. Елдеріміз арасында қалыптасқан өзара сенім атмосферасын бағалаймыз. Армян халқына тыныштық пен амандық тілейміз, - делінген хабарламада.

ТАСС хабарлағандай, 2025 жылдың 25 маусымында Арменияда «Қасиетті күрес» оппозициялық қозғалысының жетекшісі архиепископ Баграт (әлемде Вазген Галстанян) ұсталды. Республиканың Тергеу комитетінің хабарлауынша, ол шабуыл ұйымдастырды және билікті басып алуға тырысты деп айыпталған.

Айта кетейік, Арменияда парламент сайлауының күні белгіленді.