Армениямен әуе қатынасы қайта ашылды

Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА.KAZINFORM - Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы маршруттар бойынша рейстер санын арттыру бағытында тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Биыл 18 сәуірден бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Boeing 737 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен Ақтау – Ереван бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады.

Бұған қоса, 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап армениялық «SHIRAK AVIA» әуе компаниясы Астана – Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) жиілігімен тұрақты рейстерді іске қосты.

Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады.

Жаңа әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп жоспарланған.

Айта кетейік, Астана — Ереван әуе қатынасы қайта жандануы мүмкін.

Қазақстан мен Үндістан әуе қатынасын кеңейтуге ниетті.