Армения Тергеу комитетінің мәліметінше, 1999-2001 жылдары бас прокурор қызметін атқарған Борис Назарян кісі өлтіру ісін тергеу барысына тиісті прокурорлық қадағалау жүргізбеген. Соның салдарынан 2000 жылы күдікке ілінген екі адамға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. Тергеу тек 2025 жылдың шілдесінде қайта жанданды.
Айта кетейік, Ваграм Хорхоруни 1998 жылы 10 желтоқсанда өз үйінің ауласында қаза тапты.
Тергеу деректеріне сәйкес, қылмысты ұйымдастырушы әрі оған тікелей қатысушылардың бірі пайдакүнемдік мақсатты көздеген С.А. есімді азамат болған. Ол екі сыбайласына 10 мың және 15 мың доллар көлемінде сыйақы уәде еткен. Кейін үшеуі министрдің орынбасары тұрған үйдің маңын аңдып, оны атып өлтірген.
Қоса кетсек, Арменияда тиісті білімі жоқ косметологтарға қатысты жаза күшейеді.
Сонымен бірге 28 қазанда Армения парламенті тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және одан зардап шеккен адамдарды қорғауға бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.