ЕРЕВАН. KAZINFORM — Бүгін Армения Орталық банкінің кеңесі базалық мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа көтеріп, оны 7% деңгейінде ұстап тұру шешімін қабылдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Еревандағы меншікті тілшісі.
Реттеуші органнан мәлім еткендей, тауар мен қызметтерді тұтыну көлемінің қарқынды өсуі, ипотекалық несие көлемінің ұлғаюы экономикалық тәуекелдерге алып келуі мүмкін. Осы ретте инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені көтеру шешімі қабылданып отыр.
Айта кетсек, былтыр Арменияда инфляция 3,3% деңгейінде болса, биыл қазанда ол 4,1%-ға жетті.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Армения үкіметі 2027 жылы бюджет тапшылығын 3,4%-ға дейін төмендетуге ниетті.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.