Арменияның ҰҚШҰ-дан шығуы күн тәртібінде жоқ — Армения СІМ

Фото: panorama.am

АСТАНА.KAZINFORM — Арменияның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығуы қазіргі күн тәртібінде жоқ. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрі Мнацакан Сафарян мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

— Егер мұндай өзгерістер болып жатса, айтамыз. ҰҚШҰ-мен қарым-қатынасымыздың форматы жарияланды. Ереван ұйымның шешім қабылдауы мен құжат қабылдауына қатыспайды, қарсыласпайды да, — деді ол.

Оның айтуынша, Армения қазіргі уақытта таңдаған сыртқы саясатын ұстанады.

— Армения сыртқы саясатын ұлттық мүдделер мен қазіргі жағдайға, әртараптандыру мен тепе-теңдік қағидаттарына сүйене отырып жүргізеді, — деп атап өтті министрдің орынбасары.

Бұған дейін Армения 26-27 қарашада Бішкекте өтетін ҰҚШҰ көшбасшыларының саммитіне қатыспайтыны туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ, біз бұған дейін Ереванның Ресей әскери базасын өз аумағынан шығару жоспарын қабылдамағанын хабарлағанбыз