АСТАНА. KAZINFORM — Арменияның жаңа Конституциясының мәтінінің жобасы қараша айында жарияланады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы 29 қазанда елдің әділет министрі Србуи Галян мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі ArmInfo-ға сілтеме жасап.
— Жаңа Конституцияның мәтіні, егер күтпеген жағдайлар туындамаса, жақын арада, келесі айдың ішінде жарияланады, — деді министр тілшілерге берген сұхбатында.
Галянның айтуынша, жобаны талқылау басқа заң жобаларының қаралуы сияқты ұйымдастырылады, бірақ конституциялық реформаның маңызы мен көлемін ескерсек, бұл процесс ауқымды әрі ұзақ болады.
Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян жаңа Конституцияны қабылдау барысында оппозициямен өзара түсіністік табылмаса, кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу мүмкіндігін қарастыратынын айтқан еді.
Нұрлан Тұяқов
Низами атындағы ТМПУ түлегі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. Ташкентте қазақ тілінде шығатын "Нұрлы жол" газетінде аудармашы, тілші болған. Қазіргі таңда Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде еңбек етіп келеді.