Қылмыстық іс бойынша тергеу барысында Серж Саргсянға 38-179-баптың 3-бөлігінің 1- тармағымен айып тағылған, делінген Арменияның Арнайы тергеу қызметі таратқан хабарламада.
Серж Саргсянға президент болған кезінде бір топ адаммен бірлесе отырып мемлекет қаржысын аса ірі көлемде жымқыру үшін лауазымын пайдаланған деген айып тағылып отыр. Қаржы - 489 160 310 драм (1 млн доллар шамасында), делінген ведомство хабарламасында.
С.Саргсяннан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.
Авторы Азамат Әлмағамбетов