Арменияның бұрынғы вице-премьері ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Арменияда қылмыстық іс бойынша республиканың бұрынғы вице-премьері Ваган Ширханян ұсталды. Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік қызметінен (ҰҚҚ) хабарлады.

Ширханян жұма күні ұсталды. Ол «нақты рөл атқарып, нақты тапсырмалары болған қылмыстық қауымдастыққа қатысуға күдікті танылды», деп атап өтті ҰҚҚ-дан. Армения Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша мүлікті тәркілеумен немесе онсыз 6-дан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.