Арменияның халықаралық резерві рекордтық деңгейге дейін төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың қаңтарында Арменияның халықаралық резервтері 1,351 миллиард долларды құрады, деп жазды Panorama «Айкакан жаманак» газетіне сілтеме жасап.

«Арменияның халықаралық резервтері соңғы алты жылда ең төменгі деңгейге жетті. Мұны Орталық банк жариялаған ресми статистика айғақтайды. Елдің халықаралық резервтері бұл көрсеткіштен төмен деңгейге (1,258 миллиард доллар дағдарыс) тек 2009 жылы түскен. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда Арменияның халықаралық резерві 900 миллион долларға немесе 40 пайызға қысқарған», - деп жазды газет.