Армия спортшылары таэквондодан спартакиада чемпионы атанды

Қазақстанның 17 өңірінен 180-нен астам спортшы қатысқан республикалық турнирде армияшылар үш алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды Kazinform ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде аға лейтенант Руслан Жапаров және Қарулы күштердің қызметкерлері Нұрбек Ғазезов (68 келіге дейін) пен Бейбарыс Қабылан ( 87 келі) спартакиада чемпионы атанды.

Орталық армия клубы құрамасының қоржынына Қарулы күштердің қызметкерлері Бауыржан Хасенов ( 87 келі) күмістен, Бексұлтан Сүндетбай (74 келі) қоладан олжа салды.

Турнир жеңімпаздарына марапаттарды Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев табыстады.