«Аталмыш курс 2016 жылдың басында басталды және осы жылғы сәуірдің соңына дейін жалғасады. Бұл уақыт аралығында мерзімді қызметтегі 200-ден аса әскери қызметшіні оқытып-үйрету жоспарлануда», делінген хабарламада.
Болашақ мамандарды Әскери-әуе күштерінің, ӘШҚҚ әскерлері мен байланыс әскерлерінің әскери бөлімдері үшін дайындауда. Мерзімді сарбаздар дизельші, электр орнатушы, радиолокациялық станса операторы, әуе нысаналарын қолмен сүйемелдеу операторы сияқты кәсіпті меңгереді, авиациялық қару-жарақтың, радиоэлектрондық жабдықтың, зениттік-зымырандық және радиотехникалық әскерлер мамандықтарын зерделейді.
Бүгінгі таңда 44841 әскери бөлімінде оқу үшін жақсы оқу-материалдық база, мамандандырылған сыныптар, қару-жарақтың, техниканың тораптары мен агрегаттарының сұлбалары бар.
«Әскери бөліміміздің базасында жоғары білікті оқытушылар құрамы қызмет етеді. Олар ұдайы оқу-материалдық базаны жетілдіреді, техникалық оқыту құралдарының заманауи кешендерін кеңінен енгізе отырып, оқу үдерісін компьютеризациялау дәрежесін арттырады», - деп атап өтуде 44841 әскери бөлімінің командирі полковник Бауыржан Жиенбаев.