Армстронг допинг қолданғанын мойындады

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Велоспорттан допинг қолданды деп, «Тур де Франстағы» жеті жеңісінен айырылған Лэнс Армстронг өз кінәсін мойындады. «Аламан» агенттігінің жазуынша, американдық шабандоз бұл мәлімдемесін журналиске берген сұхбатында жариялады.

АВС порталының хабарлауынша, Армстронг допинг қолдануға «көмектескен» адамдардың есімін атауға дайын. Шабандоз допинг ісіне араласқан басқа да адамдардың есімін жарияласа, онда жазасы жеңілдеуі мүмкін. Ал Армстронгтың өзі «Тур де Франста» жеңіске жету үшін рұқсат етілмеген препараттар қолданғанын мойындап отыр

-0-