18 қаңтарда кешқұрым тележүргізуші Опре Уинфриге берген сұхбатының екінші бөлімі эфирге шықты.
Бұған дейін Уинфридің ток-шоуында Армстронг допинг қолданғанын мойындаған болатын.
Спортшының сөзіне қарағанда, ол қайтадан жарыстарға қатысқысы келеді. Онымен бірге Армстронг мәлім еткендей, оның қатерлі ісікпен күрес Livestrong қорының жұмысынан бас тартуы допинг үшін тағылған айыптардан кейін орын алған ең жағымсыз оқиғалардың бірі.
Айта кетейік, 2012 жылдың қазан айында велошабандоз «Тур де Франстың» 7 титулынан айырылып, өмір бойына спорттан аластатылды.