деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Т.Құлмұхамедовтың атап өткеніндей, «Arna Мedia Servisec» компаниясы қазіргі жаһандық дағдарыс жағдайында еліміздің газет-жұрналдарындағы, жалпы баспалық бұқаралық ақпарат құралдарындағы негізгі проблемаларды жіті зерделеп, бұл сала дистрибуция жағынан көмектерге зәру деген қорытынды жасаған және мұндай көмекті әсіресе, қазақ тілді басылымдар қажет етеді.
«Үкімет біздің алдымызға республика аумағында баспа үйлерін құру тапсырмасын қойды. Баспа үйлерін құрғаннан кейін, олардың жанынан баспаханаларды ашып, дистрибьютерлік желіні дамытуды көздеп отырмыз», - деп атап өтті ол.
Конференцияны «Arna Мedia Servisec» ұйымдастырды. Ондағы басты мақсат - бұқаралық ақпарат құралдарымен, осы салада білім беретін оқу орындары және мемлекеттік органдар өкілдерімен сұхбаттасу арқылы, проблемаларды анықтау, компанияның алдағы жұмысына бағыт-бағдар белгілеу.
Айта кетейік, «Arna Мedia Servisec» ЖШС-і «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-ның еншілес компаниясы. Ол аймақтарда орталықтан басқарылатын баспахананалар жүйесін құру және өнімді өндіріп, оны соңғы тұтынушыға дейін жеткізіп салуға байланысты барлық технологиялық мәселелермен айналысады.