Жиын барысында Мемлекет басшысы атап өткен басымдықтар тұрғысындағы «Арна Медиа» холдингінің бұдан әрі жұмыстарының негізгі бағыттары қаралды. Жолдауды ақпараттық қолдау жұмыстары, еңбек өнімділігін арттыру, адам капиталдарын дамыту, отандық ақпараттық кеңістіктің даму мәселелері, холдинг компанияларының мемлекеттік және жеке әріптестік бағдарламаларына қатысуы, инновациялық технологияларды енгізу сияқты бағыттар талқылау барысында басты назарда болды.
Жиын қорытындысы бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.