АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Даугава өзені арнасынан асып, Ригадан 100 шақырым жерге орналасқан Плявиняс қаласын басып қалды. Бұл туралы Латвияның Мемлекеттік өрт-құтқару қызметіне сілтеме жасап Утро.ру хабарлады.
Даугава өзенінің суы 163 сантиметрге көтеріліп, қаланың орталығы мен маңы толығымен су астында қалды. Синоптиктердің болжамынша, су деңгейі бүгінгі күн бойы тағы да 3 метрге дейін көтерілуі мүмкін.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы әзірге ақпарат жоқ. Плявиняс қаласының халқын қауіпсіз жерге көшіру үшін қосымша күш келуде.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.