Елді мекендерді су басу қаупі жоқ, деп хабарлады ҚР ТЖМ-дан.
Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен дүйсенбі, наурыздың 15-і күні кешкі сағат 18.20-да Қармақшы ауданы Қызылтам елді мекенінен 5 шақырым қашықтықта, су өткізу құрылымы орналасқан учаскеде Сырдария өзені арнасынан шығып, «Жалағаш-Жосалы» автожолының 7-8 метр бөлігін шайып кеткен.
«Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Аталмыш учаскеде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі түскеннен кейін басталады», - деп анықтады баспасөз қызметінен.