Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты заңнамаға өзгерістер енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM — Президент арнаулы мемлекеттік органдар мәселелері бойынша заңды бекітті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Генерал-губернаторы Луиза Арбурға құттықтау жеделхатын жолдағанын жазған едік.