Арнаулы меморганның қызметкері қаза тапқан, оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда өтемақыларды төлеу Қағидалары бекітілді

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат  - Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан, оған мүгедектік белгіленген немесе ол мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу Қағидалары бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 12 қазан №1301 Астана, Үкімет Үйі

Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 77 және 80-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органның қызметкері қаза тапқан (қайтыс болған), оған мүгедектік белгіленген немесе мертіккен жағдайда берілетін біржолғы өтемақыларды төлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.