Арнайы карта беріледі: Өскеменде оқушылар автобуспен тегін қатынайды
13:14, 28 Тамыз 2025
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында 18 жасқа дейінгі балалар автобуста тегін жүруі үшін арнайы карталар беріледі.
Жаңа бастама 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Қала әкімі Алмат Ақышов алғашқы кезеңде қиындықтар болуы мүмкінін екенін айтты.
– Барлық тасымалдаушымен жиналыс өткізуіміз керек. Себебі ертең кондукторлар ақша төлемеген балаларды автобустан түсіріп кетпеуі тиіс. 1 қыркүйектен бастап балалардың тегін жүретіні туралы бәріне хабар берілді, - деді ол.
Балаларға автобусқа тегін отыру үшін арнайы карталар беріледі. Олар валидаторға картасын тигізіп, сапарын тіркейді. Осылайша, тасымалдаушыға жолақысы қала бюджеті есебінен өтеледі.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде балалар қоғамдық көлікте тегін жүретіні хабарланған.