Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы Болат Жорабаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Қорғаныс министрлігі

 Тиісті жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.