Арнайы прокурор Чо Ын-Сук басқарған сарапшылар тобының мәліметінше, бұрынғы президент 2024 жылдың қазан айында Солтүстік Корея тарапынан жауап шараларын болдыру мақсатымен Пхеньян үстінен әскери дрондар ұшыруға бұйрық берген.
Тергеу нұсқасы бойынша, бұл сол жылдың желтоқсан айында әскери жағдай енгізу үшін сылтау ретінде пайдаланылған.
Прокурорлар сонымен қатар Сеул орталық аудандық сотына бұрынғы қорғаныс министрін осы айып бойынша 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы өтінішпен жүгінді.
Еске сала кетсек, Юн Сок Ёль 2025 жылдың шілдесінен бері түрмеде отыр. Ол 2024 жылдың желтоқсанында әскери жағдай енгізудің сәтсіз әрекетіне байланысты екінші рет қамауға алынды.
Бұл – экс-президентке қатысы бар сегіз қылмыстық істің бірі.
Сеулдің орталық аудандық соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ельге 2024 жылдың желтоқсанындағы бүлік туралы іс бойынша өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Сондай-ақ ол қамауға алуға кедергі жасау айыбы бойынша өткен бөлек сот процесінде 5 жылға сотталған болатын.