Осы бағытта министрлік Біртұтас үйлестіру орталығын құру үшін заңнамалық негіз әзірлеу жұмыстарын жалғастырады. Инвесторлар тарту, оның ішінде АЭА аумағына шетелдік инвесторлар тарту бағытында жұмыстар күшейеді.
«2015 жылдың 8 айында АЭА аумағында жалпы құны 58,6 млрд. теңгенің 13 жобасы іске қосылды. 230 адам жұмыспен қамтылды. АЭА-лерде барлығы 9230 адам еңбек етуде. 2014 жылы бюджетке 8,3 млрд. теңге салық түсті»,-делінген ведомсвтво мәліметінде.
Айта кетейік, АЭА аумағында 2 трлн. теңгеден астам қаржыны құрайтын 90 жоба әзірленіп жатыр. Оның ішінде құны 60,3 млрд. теңгенің16 жобасы биылғы жылдың аяғына дейін іске қосылады. Аталған жобалардың арқасында шамамен 20 мың жұмыс орны құрылады.