«Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақтар бар. Қазіргі уақытта 6 АЭА-ның инфрақұрылымы дайын, 4 АЭА-ның инфрақұрылымы жасалып жатыр. Оны ретке келтіру үшін қаржы бөлінді, жұмыстар атқарылуда»,- деді ол.
Оның атап өтуінше, бүгінгі күнге дейін АЭА аймақтарында 63 жоба іске асырылып, 68 жоба аяқталуға жақын. 6 мыңдай адам жұмысқа орналасты. 298 млрд. теңгенің өнімі шығарылды.
«Жаңа экономикалық саясатта арнайы экономикалық аймақтар инвестиция тартудың ең маңызды тірегі болады есептелінеді. Әр салынған 10 АЭА-ның өзіндік мамандануы болады. Осыған орай заңдарға қажетті өзгерістер енгізу қажет, бұл мәселе бойынша министрлікте жұмыс істеліп жатыр. Соған және АЭА аймағының жұмысын нығайту, оларға инвестицияларды тарту мәселелеріне Сингапурдың «Jurong Consultants» компаниясы шақырылды. Олармен бірлесіп жұмыс істейтін боламыз», - деді Е.Сағадиев.