Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, «Астана-Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 628 миллиард теңгенің 141 жобасы, «Ақтау теңіз порты» аймағында 13 миллиард теңгенің 3 жобасы, сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар паркінде» 23 жоба (10 миллиард теңге) жүзеге асырылды.
Ә. Исекешев аталған үш аймақтың аумағында, сондай-ақ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тағы да 127 жоба жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.