Арнайы комиссия «Саран» шахтасындағы апатты қысқартумен байланыстырды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Темиртау» компаниясына шахтадағы штат саны мәселесін шешуді тапсырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біз бұл апатты ұйымдастырушылық себептерде көрсетілгендей, шахтаның техникалық бақылау, сондай-ақ, атқару, қызмет көрсету қызметкерлерінің жеткіліксіз болғандығынан деп есептейміз. Демек, апат компанияның қысқарту саясатының салдарынан болған», - деді комиссия төрағасы, ҚР ИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Құнанбаев.

Комиссия басшысы инженерлік-техникалық жұмысшылардың жеткіліксіздігінен жағдайдың қиындағанын атап өтті. «Біз бұл мәселені де қарастырдық. Егер 3-4 жыл бұрын слесарьлар тобының саны 38 адам болса, қазір 22-ге қысқартқан. Егер техникалық бақылауды қамтамасыз ететін механиктер саны 6 адам болса, қазір біреуі ғана қалған. Төрт көмекші мен инженер-энергетиктерді азайтқан. Міне, мамандар жетіспеушілігінің салдары!», - деп атап өтті Н.Құнанбаев.

Сонымен қатар, арнайы комиссия рельстік көлік аумағында өндірістік жұмыспен айналысатын білікті мамандардың тапшылығын мәлімдеді.

Арнайы комиссия бірнеше адам зардап шеккен оқыс оқиғаның қайталанбауы үшін іс-шаралар кешенін әзірледі. Ол барлығы - 12 тармақтан тұрады. 7-ші орында көмір департаментінің нормалар санын әзірлеу көзделуде. Құжатты еңбек бойынша уәкілетті органдармен келісу қажет. Компанияға осы талаптарды орындау үшін 2017 жылдың 1 маусымына дейін уақыт берілген.