Арнайы курстан өтпеген басшылар лауазымға тағайындалмайды - Жолдау
«Ең бастысы - мемлекеттік аппараттың кәсібилігі. Ол жаңа уақыттың талабы бойынша өзгерістерге ұшырауы тиіс. Біріншіден, мемлекеттік органның тиімділігін түбегейлі арттыру қажет. Сапа - кез келген мемлекеттік қызметкердің өмірінің жаңа стиліне, қағидатына айналуы тиіс. Жаңа формацияның мемлекеттік қызметшілері мемлекет пен қоғамның арасындағы қашықтықты қысқартуы тиіс. Яғни, адамдарға жақын болу керек. Бұл - әрдайым кері байланыс, қызу талқылау, адамдарға нақты қадамдар мен нәтижелерді түсіндіру. Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесе отырып, «Жаңа формацияның жетекшісі» бағдарламасын әзірлеуі керек», - деді Президент.
Елбасының айтуынша, басшылық қызметке келгендер үшін аталған бағдарлама бойынша арнайы курстар өткізілетін болады.
«Бұл курстардан өтпей лауазымға тағайындамау керек», - деді Президент.