«Өздеріңіз жақсы білетіндей, Мохнаткада ірі өрт орын алып, ағаштар құлаған еді. Сондықтан да қар көшкіні қаупі қыр астында. Ол орын алуы мүмкін. Қоғам да, мамандар да бұл мәселені талқылады, егерде бүгінде көшкін тоқтататын құрылғы құрылысын салмасақ, онда мұның барлығы төмен сырғып, «Медеу» мұз айдынын басып басып қалуы ықтимал», - деді қала басшысы.
Сондықтан да А.Есімов Үкімет басшысына Төтенше жағдайлар және ауыл шаруашылығы министрліктеріне аталған аймаққа барып, тосын оқиғаның алдын алуға қатысты шаралар қабылдауға тапсырма беруді өтінді.
Өз кезегінде К.Мәсімов бірінші орынбасары С.Ахметовке аталған министрлік басшыларын алып, Алматыға баруға әрі бұл мәселені сол жерде шешуге тапсырма берді.