Бүгінгі отырыс барысында баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.
С. Бычкованың айтуынша, заң жобасында Ұлттық алдын алу тетігімен бала құқықтарын қорғау бойынша қызметтерді іске асыратын барлық ұйымдарға тарату ұсынылуда. Бұл өз кезегінде халықаралық талаптарда ескерілген.
«Бізде кейбір ұйымдар Ұлттық алдын алу тетігімен қамтылмаған. Бұл тұрғыда балаларды қайта тәрбиелеу шаралары қамтылмаған ұйымдарға қатысты болып отыр, яғни медициналық-әлеуметтк ұйымдар. Ескерілген нормаларға сәйкес, енді автоматты түрде пайда болған әрбір ұйым Ұлттық алдын алу тетігін мандатымен қамтылады», - деді депутат.
Сонымен қатар ол арнайы білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандарға қатысты таңылатын таңбаларға жол бермеу мәселесіне тоқталды.
«Мәселен, арнайы мектепті тәмамдаған баланың білімі туралы куәлігінде оның девиантты мінез-құлықты жеткіншектерге арналған оқу орнын аяқтағаны туралы көрсетіледі. Алайда бұл жағдай стигматизацияға алып келеді және баланың алдағы өмірінде әлеуметтенуіне кедергі келтіреді», - деді С. Бычкова.