Арнайы операция: Атыс қаруларын сататын топ мүшелері ұсталды
ҚР ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті, олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан.
"2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 қатысушысы ұсталды. Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 «Калашников» автоматы, 5 пистолет, 3 бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік патрон тәркіленді. Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана, сондай-ақ көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды. Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін компоненттер (селитра, жарылғыш дәрі және басқалары) алынды", - делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның шеңберінде тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайды.