Алайда бұл мәселенің тетіктері елде толық қарастырылмаған. Сондықтан елімізде көп жағдайда мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасында біршама түсініспеушілік туындап отыр. Ал оларды шешу үшін бізге арнайы заң қажет. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстандағы жалпыға бірдей ақпаратқа қолжетімділік» атты халықаралық конференция барысында Мәжіліс депутаты Жақып Асанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, халықаралық конференция барысында талқыланып жатқан ақпараттық қолжетімділіке қатысты заң жобасы біз үшін өте маңызды. Онда осы атап өткен мәселелерді, яғни ақпарат құралдарының мемлекеттік органдармен байланысы мәселелерін қарастыратын баптар бар. «Меніңше, бұл заң бірінші кезекте ақпарат құралдарына қажет. Ал ақпарат құралдары қоғамды рухани қажеттіліктермен қамтамасыз ететін басты қызмет», деді депутат.