Бұл туралы бүгін «Болашақ» бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі аясында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Саясат Нұрбек мәлім етті.
Оның айтуынша, бағдарлама қолға алынған 20 жылдың ішінде әлі бірде-бір рет оның тиімділігі зерттелген емес. «Сол себепті біз осындай зерттеу жұмыстарын бастап, «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің өз еліне нендей материалдық және материалдық емес пайда әкелгенін анықтап көреміз. Шынымен де, бұл үлкен жұмыс болмақ. Оның нәтижесін біз қыркүйек айында жариялауды жоспарлап отырмыз», - деп атап көрсетті С.Нұрбек.