Арнайы жасақ аса қауіпті қылмыскер жасырынып жүрген «Дордойдағы» тұрғын үй алабын қоршап алды - Қырғызстан
Бұл туралы КирТАГ оқиға орнынан хабарлайды.
Кейбір үйлердің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілуде. Дереккөздердің айтуынша, «қылмыскер бір ауладан екіншісіне жүгіріп өтуде».
Қазіргі кезде арнайы жасақ тұрғын сілемінің шығыс ауданына бағыт алды.
Бұған дейін хабарланғандай, жұма күні таңертең «Энесай» тұрғын үй орамдарының бірінде түрмеден қашып кеткен қылмыскерлер тобындағы екеу анықталды. Ұстау кезінде олардың бірі - Данияр Қадырәлиевті үш рет атып өлтірді. Аяғы жараланған екіншісі жасырынып үлгерді.
Еске сала кетейік, 12 қазанға қараған түні №50 түзеу мекемесінен тоғыз сотталушы қашып кеткен. Қашу кезінде олар түрменің үш қызметкерін қылқындырып өлтіріп, біреуінің басын бірнеше рет балғамен соққылаған.
Тоғыз қашқынның бесеуі ұсталып, тағы төртеуі қашып кеткен.
16 қазанға қараған түні түзеу мекемесінің жарақат алған қызметкері, подполковник Тілек Әбілғазиев көз жұмды.