Арнольд Шварценеггер Мюнхен әуежайында ұсталды

МЮНХЕН. KAZINFORM — Белгілі актер және саясаткер Арнольд Шварценеггер қымбат сағаттың кесірінен Мюнхен әуежайында ұсталды, деп хабарлайды Kazinform жергілікті Bild басылымына сілтеме жасап.

Фото: bild.de

Audemars Piguet фирмасының швейцариялық сағаттары Мюнхен әуежайында тәртіп сақшыларының назарын өзіне аударды.

Актердің айтуынша, сағатты аукцион арқылы сатқысы келген.

Арнольд Шварцнеггер Мюнхеннен Австрияның Китцбюхель қаласында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне ұшуды жоспарлаған.