«Өнеркәсіп ошақтары орналасқан Өскемен мен Теміртау қалаларының атмосфералық ауасының ластану деңгейін шешу үшін министрлік бірқатар компаниямен шығарындылардың деңгейін төмендету туралы келісімге қол жеткізді. Атап айтқанда Теміртаудағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясы 2024 жылы эмиссияны 30 пайызға, ал Өскемендегі «Казцинк» компаниясы күкірттің еселенген тотығын 20 пайызға азайтуға міндеттелді. Ол компаниялар өз өндірісінде ең үздік технологияларды енгізеді», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ өткен халыққа есеп беру кездесуінде.
Сонымен қатар, министрі ҚазМұнайГаз бірнеше жылдың ішінде бірқатар мұнай қалдықтарын жоятынын мәлім етті.
Айта кетсек бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев ауасы ластанған қалалардың экологиялық ахуалын жақсарту жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып берген болатын.