«Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да болат қорытудан шыққан сұйық қоқыс сыртқа атылды

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында «Арселор Миттал Теміртау» Ақ-да сейсенбі күні еріту жұмыстарын жүргізу кезінде оқыс оқиға орын алды.

Болат қорыту барысында сұйық қоқыс сыртқа атылды.

ҚР ТЖМ хабарлағандай, ыстық күйік жарақатын алған 44 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.