«Қазақстанның еңбек конфедерациясы «Қазақстан» шахтасындағы төтенше жағдай салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтады. Төтенше оқиға қарсаңында, 16 тамызда Қазақстанның еңбек конедерациясы атынан Қазақстан Президентіне ашық хат жолданды. Онда мемлекеттің егемендігінің 30 жылында кәсіподақ қозғалысы заң жүзінде де, іс жүзінде де әлеуметтік серіктестік жүйесінің әлеуеті мен мүмкіндігін жүзеге асырмағандығы көрсетілген», - деді Мұрат Машкенов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.
Оның пайымынша, оған қолданыстағы заңнамалық базаның жетілдірілмеуі мен мемлекеттің кәсіподақтарға және олардың атқарушы органдарының құрамына тағайындалған тұлғаларға қатысты формальды қатынасы бар саясат жүргізуі себеп.
«Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстанда мемлекеттік органдарда тиімді әлеуметтік серіктестікті дамыту үшін байыпты тосқауыл құратын кәсіподақтармен өзара іс-қимылда фаворитизм бар. Кәсіподақтарда еңбек шартын өзгертуге, жұмыс орындарын сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін шынайы тетік жоқ. Із жүзінде жұмыс берушінің іс-әрекетіне қатысты қандай да бір санкция қолдануға мүмкіндік бермейтін қоғамдық бақылау қызметі ғана бар», - деді ол.
Сонымен қатар М.Машкенов «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу толығымен ақяталғаннан кейін Қазақстан Үкіметінің «АрселорМитталмен» келісімшартын егжей-тегейлі қайта қарап, қажет болса, қарым-қатынасты бұзу қажеттігін атап өтті.
«Өйткені, 2006 жылдан бері «АрселлорМиттал» кәсіпорындарында 20-дан астам апат болып, 100-ден астам адам мерт болды. Бұл еңбек қауіпсіздігі талаптарының қамтамасыз етілмегендігін дәлелдейді. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметін толғымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағына беру қажет», - деді Мұрат Машкенов.