«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2009 жылғы көздеген өндірістік бағдарламаларды орындауда
20:08, 22 Желтоқсан 2009
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы АҚ 2009 жылғы көздеген өндірістік бағдарламаларды орындауда. Бұл туралы компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтің кәсіпорын басшыларымен сейсенбі күні, желтоқсанның 22-сінде болған кездесуінде мәлім етілді.
Биылғы жылы компания бүкіл әлем бойынша өз тұтынушыларына 3 млн. тоннға жуық қара металл прокатын және 11 млн. тоннадан астам көмір жөнелтті. Дағдарысқа қарамастан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургтері өндірісті тұрақтандыруға және қара металл прокаты рыногында бәсекелестік қабілетін арттыруға қол жеткізді.
С.Ахметов болат әзірленімдерді үздіксіз құю мәшинесінің жұмыстарымен танысты және ыстық алюмо-цинктік металл жолағы цехында болды.