Оқиға салдарынан бір жұмысшы зардап шекті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«Қазір өндірістік процесс жанданды. Өндірістік агрегат жабдықтары зардап шекпеген, цех қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрт цехтың 16 қалайылау бөлімінің желдеткіш цехында орын алған. Өрт сағат 22.15-де ауыздықталып, 23.04-те толық сөндірілді.
Оқиға салдарынан бір жұмысшы күйік жарақатымен Теміртаудағы травматология ауруханасына түсті. Қазір өрттің шығу себебі мен оның салдарынан келген материалдық шығын анықталуда.